Отырарда «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында сенбілік өтті. Маяқұм, Аққұм, Ақтөбе ауылдарында ұйымдастырылған шара барысында саябақтардағы ағаш-талдардың түбі әктеліп, белгіленген аймақтарда көшеттер егілді. Сонымен қатар орталық көшелердегі аялдамалардың қасбеті реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін ауылдарды көгалдандыру мақсатында арнайы белгіленген “Жасыл аймақ”-тар қоршалып, көшеттер егілген болатын. Бүгінде Аққұм ауылында 1000-нан аса көшет, Маяқұмда 1500, Ақтөбеде 1300-ге жуық көшеттер көгеріп тұр.
“Егілген ағаштарды күтіп ұстау ең басты мәселе. Бүгін егілген ағаштар келешекте талай адамға сая болып, аптап ыстықта жанға жайлылық сыйлайды”-дейді тұрғындар.
© Didarbek.kz