«Таза Қазақстан» экологиялық акциясынан Ш.Қалдаяқов ауыл ауылының тұрғындары да шет қалмады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарақоңыр ауыл округіне қарасты Ш.Қалдаяқов ауылының тұрғындары қазақ вальсінің падишасы Шәмші Қалдаяқов атындағы музей үйінің ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.
“Киелі мекен” апталығы аясындағы тазалық шарасына мекеме қызметкері, ауыл жастары мен тұрғындар қатысып белсенділік танытты.
Шара барысында музей үйінің айналасы ретсіз өскен ағаштардан аршылып, арам шөптер оталып, күл-қоқыстар шығарылды.
Тазалық жұмыстарында белсенділік танытқан ауыл тұрғындары: “Туып-өскен ауылымыздың тазалығына қарап оны күтіп-баптау әрбіріміздің қасиетті борыштарымыздың бірі” — дейді.
Шәмші Қалдаяқов музей үйі Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округі Шәмші Қалдаяқов елді-мекенінде орналасқан.
Аталған нысан 2020 жылы ұлы сазгердің туғанына 90 жыл толуына орай ауыл азаматтарының демеушілігімен салынған.
Музейде Қазақ вальсінің патшасы Шәмші атамыздың тіршілігінде қолданған заттары,киген киімдері ән-жинақ кітаптары отбасылық және жеке суреттері орын алған.Сондай-ақ Шәмшінің әкесі темір ұстасы Қалдаяқ шебердің де жасаған бұйымдары мен жеке құжаттары сақталған.Жалпы музей қорында әйгілі тұлғаның өмірінен сыр шертетін 100 ден аса экспонат бар.
© Didarbek.kz