Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Coworking – орталығы — кітапхананың жаңа келбеті

Coworking – орталығы — кітапхананың жаңа келбеті

2018 жылдың 20 қыркүйегі күні «Нұр Отан» партиясының отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды, яғни бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейтін «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында Кентау қалалық орталық кітапханада «Coworking» орталығы ашылды. Бұл туралы Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Іс- шарада Кентау қаласының әкімінің орынбасары Расул Самат, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев, Кентау қаласының құрметті азаматы Ысқақ Жұмашев, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы мен қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Абдуллаев Мұратбек Тұрдымұратұлы сөз сөйлеп, көпшілікті орталықпен таныстырды.

Бұл орталық болашақта рухани азықтан алыстап бара жатқан өскелең ұрпақты кітап оқуға баулудың таптырмас жолы, жастарды жаңару мен жаңғыруға бастау, кітапханаға жаңа пайдаланушыларды тартуға және жұмыс түрлерін енгізуге мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

Пікір жазу