Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС — БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС — БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

Бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің кестелік жоспарына сәйкес Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде студенттер арасында «Мемлекеттік қызмет – қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі» тақырыбында пікірталас сайысы өтті.


Шараға колледждің белсенді студенттері мен оқытушы мұғалімдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанындағы мониторингтік топ мүшелері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың санасында мемлекеттік қызметке қызығушылығын ояту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Аталған жиында көтерілген мәселенің маңыздылығын ескеріп, тосыннан келіп қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов жастарды еркін пікір алмасуға шақырды.


Аудан басшысы өз сөзінде: «Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықты қоғамның көмегінсіз жеңу мүмкін еместігін айтып, осы бағытта тиісті тапсырмалар жүктеген болатын. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату қажет. Біз осы пікірталас сайысын өткізбес бұрын алдымен «сыбайлас, жемқорлық» сөздерінің мағынасын терең түсініп алайық. Өйткені әрбір адам оның мән-маңызын түсінбей жатып үлкен істі бітірдім деуі бекершілік. Сондықтан баршаңызды қағаздағы сөздермен емес өз ойларыңыздағыны айтуға шақырамын»,- дей келе студент жастарға қызықтыратын сауалдар жолдап, оларды еркін әңгімелесуге тартты.
Шара барысында арнайы мониторингтік топ мүшесі, аудандық «Отырар алқабы» газетінің тілшісі Ғалымжан Сәрсеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілі Сейтнасыр Сейілбектер өз ойлраын ортаға салып, пікірталас алаңындағы жастарға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, пікір талас барысында ойларын ортаға салып, сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алған студенттердің бүгінгі кездесуден алған тағлымы мол болды.
Еркін әңгімелесу барысында белсенділік танытып, өздерінің ұшқыр ойлары мен ұтымды пікірлерін жеткізген Аймен Аслан, Ақберді Кәрібай мен Ажар Абдуллаевалар аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

«DIDARBEK.KZ- АҚПАРАТ»

Пікір жазу