Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СОЧИДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КӨРМЕСІ

СОЧИДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КӨРМЕСІ

 22-23 қараша аралығында Сочи қаласында өтіп жатқан Ресей және жақын шетелдердің туристік индустрия өкілдері үшін негізгі бизнес-нысандардың бірі болып табылатын  «SIFT» халықаралық туристік форумы аясында «Шипажай және туризм. 2018-2019 маусым» халықаралық туристік көрмесіне Қазақстан Республикасы да өзінің ұлттық павильонын ұсынғанын хабарлаған болатынбыз.


Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі,  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен Сочиге аттанған Қазақстанның туристік саласының өкілдері еліміздің таңғажайып табиғаты және Қожа Ахмет Ясауи мен Түркістанға қатысты көрмелерді 3D-тур түрінде таныстырумен қатар, қызықты мәдени бағдарлама да ұсынуда.


Қазақ делегаттарының «Қара жорға» биін тамашалаған көрме қонақтары Қазақстанның таңғажайып табиғатымен қатар, сазсырнай, шаңқобыз, дабыл сияқты ұлттық музыкалық аспаптармен шеберлік сабағына қатыса отырып бір сәтте Қазақстанның мәдениетімен танысуда.  Барлық қонақтарға бауырсақ, қазақстандық шоколад және ұлттық десерттер ұсынылып, «Қазақ дастарханы» шеберлік сабағы өткізіліп, қазақ тағамының бірегей өнімі «құртты» дайындау тәсілі көрсетілді.
Бүгінге дейін 5000-ға жуық ресейлік Қазақстан көрмесімен танысып, туристік орындардың табиғат сұлулығына қызығушылық білдіруде.


Көрме келушілеріне тағы бір жағымды тосын сый — «Hilton Astana 5 *» қонақ үйіне және Қазақстан бойынша саяхат жолдамасына ие болу мүмкіндігі де қарастырылған.
Екі күндік шараға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан облысының туристік қауымдастығы», «Көкжайлау-Астана» ЖШС қатысып,  Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік байланысты нығайтуға атсалысуда.
Айта кетсек, Қазақстандық павильонның салтанатты ашылу рәсіміне Сочи қаласының мэрі А.Н.Пахомов, РФ Краснодар өлкесінің туризм мен олимпиадалық мұра министрлігінің министрі Константиниди Х.А. және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесінің Құрметті Консулы — В.В. Мохначев қатысып, лентасын қиған болатын.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу