Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауылдар, елдімекендер арасындағы жолдарды, ауылдардың ішкі көшелеріндегі жолдарын жөндеуге, күтіп ұстауға, кем-кетіктерін уақытында жөндеп отыруға баса мән беріліп келеді.

Осы орайда аудан әкімі Н.Тұрашбеков елдімекендердегі орташа жөндеуден өткен біршама көшелерді аралап, сапасын тексерді.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Атап айтсақ, аудан орталығындағы 1,1 шақырымды құрайтын Жемісті көшесі, Түлкібас кентіндегі 2,7 шақырымды құрайтын Шевцов көшесі және Майтөбе ауылындағы жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын Рұсқұлов пен Момышұлы көшелері.
Биылғы жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 62,3 шақырым 41 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: 15,2 шақырым 5 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 47,1 шақырым 36 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 27 шақырымы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталып пайдалануға берілмек. Осы жұмыстар атқарылғанан соң аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы 84,2% -ға, елді-мекен көшелері 85,1%-ға артпақ.
«Жол қадірін жолаушы біледі» демекші, соңғы кездері ауылдардың ішкі көшелерінің бойынан жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар да көптеп салынуда. Б

Пікір жазу