Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР БИЫЛ 389 МЛН ТЕҢГЕ НЕСИЕ АЛҒАН

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР БИЫЛ 389 МЛН ТЕҢГЕ НЕСИЕ АЛҒАН

Жетісайлық шаруалар биыл 389 млн теңге несие алған, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Соның бірі – жеңілдетілген несие. Бұл ретте «Ырыс» МКҰ» ЖШС-нің жұмысына оң баға беруге болады. Айталық, биыл жетісайлық 209 шаруа қожалығы «Ырыс» микроқаржы ұйымынан 398 млн теңге несие алып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі — Жетісай ауданы, Жылысу ауылдық округінде орналасқан «Әшірхан ата» шаруа қожалығы. Аталған қожалықтың иелігінде 100 гектар суармалы жер бар. Соның бәріне мақта тұқымын сепкен қожалық басшысы Аралбай Әбдіразақов биыл «Ырыс» мекемесінен 13 млн теңге несие алыпты. 2010-жылдан бері қаржы ұйымымен келісім-шарт негізінде жұмыс істесіп келе жатқан шаруа қожалығы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Науқанда қосымша тағы 30 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға қауқарлы.

Пікір жазу