Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ – АҚЫН АБАЙ

АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ – АҚЫН АБАЙ

Түркістан облысында Музей қызметкерлері «Адамзаттың алыбы – ақын Абай» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастырумен «Адамзаттың алыбы — ақын Абай» атты фото көрме және мәдени іс-шара өтті.

Ұлағатты сөздері ұлттың ұранына айналған қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткен шара Түркістан қаласындағы «Балауса» лагерінде ұйымдастырылды.

Бүлдіршіндер «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қорында сақталған Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған суреттері мен кітаптарынан жасақталған көрмені тамашалады.

Жиынға қатысқан балалар Құнанбай мен бала Абайдың өмірінен көрініс көрсетіп, ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Әрі жас буын қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысты.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу