Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Жалпы қабылданған моральдық әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы С.Әсілбектің, психология мамандығының магистрі М.Баймуханбетованың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қалалық әділет департаментінде психологиялық тренинг ұйымдастырылды.


Шара барысында американдық Джанелл Барлоу мен Клаус Меллердің авторлық кітабындағы қызметкерлердің тиімді іскерлік қарым-қатынасқа оңай қол жеткізуі және тұлғалық құзіретті дамытуды көздейтін 8 стратегиялық бағыттағы формулалары түсіндірілді.
Сонымен қатар аталмыш тренингте мемлекеттік қызметшілердің іскерлік шеберліктерін шыңдай отырып тұлғалық даму қабілеттерін арттыру үшін психологиялық сұрақ-жауаптар мен топ-топқа бөлініп, ақ қағазға сурет салумен қатар түрлі ойын-жаттығулары ұйымдастырылды.
Аталмыш психологиялық тренинг соңында Шымкент қалалық Әділет департаментінің және өзге де мекемелерден келген мемлекеттік қызметшілер өзара қатысушылар арасында алған әсерлерімен бөлісе отырып, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын әрі қарай жетілдіру және оның стандарттары,сондай ақ азаматтардан түскен шағымды мемлекеттік қызметкерлер оңай әрі тиімді жолмен шешу жолдарының бағыттарын айқындай түсті.

Пікір жазу