Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 12 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 12 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан: Түлкібаста ауыл шаруашылығында 12 жоба іске қосылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда. 2019 жылы облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына орай, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094,0 млн. тенгені құрайтын барлығы 33 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 787,3 млн. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Оның ішінде, өз қаражаты есебінен – 7 жоба, несиелендіру арқылы – 5 жоба, ал қалған 21 жоба бойынша бүгінгі күнде шаруақожалық басшылары құжаттарын жинақтап, қаржы институттарымен қаржыландыру бойынша етене жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Пікір жазу