Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰЛЫҚ МЕРЕКЕДЕГІ ҚАДІРЛІ ІС

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕДЕГІ ҚАДІРЛІ ІС

Арыс қаласында орын алған оқиғадан еліміздің әрбір тұрғыны хабардар әрі болған жағдайдан бей-жай қалған жоқ. Қасиетті Құрбан айт мерекесінде де бұл үрдіс өз жалғасын тапты.

Қайырымдылық – асыл қасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір-біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді. «Қиыншылықта көмек қолын созған адамға – жәннәттің шапаны беріледі» деген сөз бар.

Құрбан айт – құрбандыққа мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын, иісі мұсылман халықтарының ұлық мерекесі саналады.

Осы орайда, бүгін Арыс қаласының орталық «Ысқақ» мешітінде Бәйдібек ауданының тумасы, жеке кәсіпкер Біржанов Ахмет Тоқтыбайұлы қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Арыс қаласында құрбандық шалып, қаланы қалпына келтіріп жатқан 17 сектордағы жұмысшыларға 17 қошқар үлестірді.
Сондай-ақ, қаладағы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларына түйе тарту етті.
Сонымен қатар, 24 маусымда Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған азаматтардың отбасыларына құрбандық үлестірді.

Пікір жазу