Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАРАБУРА КЕСЕНЕСІ

ҚАРАБУРА КЕСЕНЕСІ

Қарабура атаның басына салынған кесенесі мен қәбірі Қаратаудың теріскей жағындағы ежелгі Созақ шаһарының орнында. Қарабура әулие ұзын бойлы, қара қасты, өткір жанарлы, қауға сақалды кісі болған екен.

Қарабура қабірі осыған дейін үсті жабылған атбесік белгімен тұрған екен. Алаңы – 4х4 метр болыпты. Күмбезі шатыр тәріздес болған. Қабірі кесененің ішінде.


1997 жылы Құрал Ержанов пен Әбдірахман Омбаев ұйытқы болып, Созақ жерінде Қарабура әулиенің зәулім кесенесі тұрғызылған. Кесене ақ кірпіштен өрілген, әрқайсысы сегіз қырлы екі бөлмеден тұрады. Төбесі – күмбезді, бірінші бөлмесі 100 шаршы метр. Төбесі ашық екінші бөлмедегі ескі кесене XIV ғасырда тұрғызылған. Қарабура әулиенің зираты осы ескі кесене ішінде. Ескі кесене шой тастан құралған, іргетасы үстіне қам қыштан қаланып, қабырғалары саз балшықпен сыланған. Пішімі текше көлемді құрылыстың төбесі күмбезге айналған. Күмбездің жоғарғы жағында жарық кіретін төрт саңылау орнатылған. Алдыңғы беті тегіс, жылтыр. Солтүстік жағындағы кіреберістегі екі қабырғасына төртбұрышты терең екі қуыс орнатылған. Төртбұрышты бөлме ішіндегі белдеулеріндегі дуалға сүйір қуыс жасалған. Күмбез шатырлақ әдіспен өрілген. Ортасында қам қыштан құлпытас орнатылған. Кесененің биіктігі – 17 метр.

Аңыз деректеріне қарағанда Қарабура «Түйем шөккен жерде дүниеден өтіп, жерленемін» деген екен. Түйесі Созақ даласына келген уақытта шөгіп, осы жерге Қарабура қолындағы асасын қадап, дүниеден озыпты деседі.
Қарабура әулие кесенесінің жалпы аумағы – 240 шаршы метр.

Қарабура әулиенің кім болғаны туралы түрлі пікірлер бар. Бірде оны оғыз-қыпшақ заманының айтулы тұлғасы, ардақты абызы, қасиетті пірадары десе, бірде Қожа Ахмет Исауидің замандасы, Қараханид түркілері кезінде өмір сүрген дейді. Енді бірде Қорқыт атамен замандас етсе, келесі бір болжамда оны араб елінен арнайы алдырған ғұлама деген ой айтылады.

«Қазыналы Оңтүстік» ғылыми-көпшілік басылымы

Пікір жазу