Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

АРЫС: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Тамыз айы басталысымен әрбір ата-ана балаларын 1 қыркүйек – Білім күніне дайындауға кірісіп кететіні анық. Осы орайда, соңғы жылдары республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көптеген аз қамтамасыз етілген отбасының бүлдіршіндері мектепке арналған құрал – жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ата-анаға үлкен жәрдемін тигізуде.  Аталған  акция аясында Арыстық балғындар қуанышқа кенелді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жаңа оқу жылының алдында бастамаға ұйытқы болған «KAZAKHSTAN ASELSAN ENGINEERING» (KAE) ЖШС-і.

Акцияның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық компания өкілдері, өздерінің әріптестеріне қолдау білдіру мақсатында, мекемеде қызмет атқаратын жұмысшылардың, мектеп оқитын балаларына көмек қолын созу. Яғни 90-ға жуық мектеп оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен сертификат табысталды.

Шараға арнайы қатысқан «ҚазТехнология» компаниясының өкілі Нуриддин Ергебеков мұндай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Пікір жазу