Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » УӘЛИ ҚЫДЫРОВ – ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

УӘЛИ ҚЫДЫРОВ – ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Аймақ телевизиясының қарашаңырағы – «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыров ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып сайланды. Қалам ұстаған тілшілер қауымының бірауыздан қолдауы нәтижесінде білікті маманның қызметіне сенім білдірілді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Алқалы мәжілісте бас қосқан журналистер алдымен филиалдың бұрынғы төрайымы Айгүл Қапбарованы Сенат Депутаты болуымен құттықтады. Ұсыныс-тілектерін жеткізіп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Күн тәртібіндегі екінші мәселеге орай, журналистер одағының Шымкенттегі өкілдігіне кандитат ұсынылды.

Ардагер журналисттің ұсынысын жиналған жұрт бірауыздан мақұлдап, Уәли Сағындықұлының басшылық қабілетін жоғары бағалады.

Көпшіліктің қолдауымен филиал төрағасы болған Уәли Қыдыров – Шымкентке журналистік қабілетімен танылған тұлға. Әріптестері оның ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиетін жоғары бағалап жатты. Өз кезегінде жаңа басшы журналистерді үмітті ақтап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Сондай-ақ, осы мәжілісте журналистика слаасында 40 жылдан астам уақыттан бері еңбек еткен Асхан Майлыбаеваға «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісі салтанатты түрде табысталды.

 

Пікір жазу