Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОҚУШЫҒА ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ҮЙРЕТІҢІЗ!

ОҚУШЫҒА ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ҮЙРЕТІҢІЗ!

Биылғы жаңа оқу жылының басталуына небәрі 3 апта қалды. Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналарға өз балаларына жолда жүру ережелерін қатаң түсіндіруді сұранады.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Қала көшелерінде көлік қозғалысының жоғары екендігі белгілі. Сондықтан да бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге жолдан өтуде тек қана ересектердің көмегі қажет. Сондай –ақ, ата – аналар оларға  бағдаршам арқылы немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту қажеттігін үйретулері тиіс. Өткен жылдың қыркүйегінен қала көшелері мен 147 мектептің алдында полиция қызметкерлері оқушылардың қауіпсіздігін тапжылмай қадағалап келеді. Бұл шара биыл да жалғасын таппақ. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Балаңыздың қауіпсіздігі — жарқын болашағының кепілі. Тәртіп сақшыларының басты міндеті —  жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы ретте Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Пікір жазу