Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ

Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл 19-шы жыл өз жұмысын жалғастырмақ. Елімізді көгалдандыру мен тазалығын сақтауға, жас ұрпақ бойына патриоттық тәрбие беріп, елдегі жұмыссыздық көлемін азайтуға үлкен үлес қосып келе жатқан жобаға 100-ден астам жас жұмылдырылмақ. Бүгін Қазығұрт ауданында жаңа маусым басталды.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Д.нахыпбектің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

«Жасыл ел» жасағында ауданның көгалдандыру жұмыстарына үлес қосып жүрген жастардың бірі Қозы Қасымхан  да бар. Ол екінші курс студенті.   Жазғы демалысын бос өткізбей жасыл елдік жастармен Қизылқия ауылындағы шаруашылықта  жұмыс істеп жүр. Жазғы демалысын тиімді, көңілді өткізумен қатар, табыс табу да жоспары бар.

Жасыл Ел” бағдарламасы бойынша  жұмысқа тартылатын жастардың саны да жыл санап артуда. Мәселен, биылғы маусымдық жұмысқа 10 студент  жұмысқа келіп өздеріне берілген міндеттерін атқаруда. Биылғы жылы  шаруашылық тарапынан  төленетін еңбекақының көлемі де біршама

Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты — жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру. Елдімекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеріп, көркейту. Сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жылына қаншама жасты жұмысқа тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.

Пікір жазу