Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ БАСТЫ НАЗАРДА!

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ БАСТЫ НАЗАРДА!

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Түлкібас ауданындық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы жұмыс жоспарына сәйкес, аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан білім, жол және жалақы мәселелері бойынша бірқатар өтініштер айтылды. Хаким Дүйсешұлы тұрғындар тарапынан айтылғын өтініштердің барлығы хаттамаға енгізіліп, әр өтініш жеке-жеке қаралатындығын жеткізді.
Жақында ғана Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшы болып тағайындалған Хаким Дүйсешұлы алдағы уақытта облыс аумағындағы әр ауданның халқымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізетіндігін айтып, жеке қабылдауға келген Түлкібас ауданының тұрғындарына сәттілік тіледі. Департамент басшысының бастамаларына сәттілік тілейміз.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*