Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан қалалық әкім аппаратының қызметкерлері мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдерінің және мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Түркістан обылысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаиентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысқан Департамент басшысының бірінші орынбасары АсанұлыҒанижанқоғам арасында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын басшылыққа алып өмір сүру – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңызды құралы екенін атап өтті.

150-ге жуық қызметкерлер қатысқан кездесуде әлеуметтік салаларда, оның ішінде көп балалы отбасыларға жәрдемақыны белгілеу, жер учаскілерінің нысаналы мақсатын өзгерту мен мектептерде заңсыз ақша жинау туралы ақпараттар Департаменттің «WhatsApp» желісіндегі сенім телефонына көптеп келіп түсіп жатқандығы айтылды.

Кемшіліктердің жүйелілігіне байланысты, Департаменттің бастамасымен аталған салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіні жеткізілді.

Сондай-ақ, тексеру жұмыстарын жүргізуге барған қызметкерлерге сыйлық беруге және қызмет көрсетуге болмайтыны қатаң ескертіліп, заңбұзушылыққа жол бергендер жауапкершілікке тартылатынын тілге тиек етті.

Жиынды қорытындылаған Ғ.Асанұлы мемлекеттік қызметшілерді сеніп тапсырылған міндетті жоғары абыроймен атқаруға үндеп, өз іс-әрекеттерімен киелі өңір атына кір келтірмеуге шақырды.

Шара соңында қатысушылардың қоғамдық санасына әсер ету құралы ретінде облыста, оның ішінде Түркістан қаласында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*