Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы тарапынан бақылауға алынған Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының 144-175 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты ауыр жүк көліктеріне айналма жол ретінде берілген облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай –Шардара» автомобиль жолының бүлінген жерлерін қалпына келтіру жайлы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалы басшысына ескерту хат жоданып, ескертулер қалпына келтірілетіні жайлы тиісті жауап хат алынған болатын.
КХ-72 «Абай –Шардара» автомобиль жолына аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары, Ошақты ауылдық округі әкімінің орынбасары, мердігер компания «ТММ Береке» ЖШС-сінің өкілдері және «СӘТ» телеарнасы журналистерімен қайта бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында аталған жолдың біршама бөліктері жөнделгенімен, Ошақты ауылының ішіндегі бөлігін қалпына келтіріп жөндеу жұмыстары сапасыз екендігі анықталып, «ТММ Береке» ЖШС-сінің өкіліне аталған жолдың Ошақты ауылы аумағынан өтетін біршама бөлігіне жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу қатаң тапсырылды.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*