Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте 900 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді

Шымкентте 900 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді

Шымкент қаласында білім күніне орай үш тілде білім беретін 900 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Жаңа үлгіде салынған бөбекжай 31 топқа арналған. Онда балаларға арналған ойын бөлмесі, асхана, музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары бар.

Бұдан бөлек, балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, балалардың психологиялық ерекшіліктерін қадағалайтын психолог, логопед және ұстаздар бөлмелері бар. Мұнда ұйымдастырылған оқу- іс әрекеттері қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Әрбір бөлме сол топ балаларының жас ерекшелігіне қарай дайындалған. Сонымен қатар бөбектер ұйықтайтын бөлмелері мен сапалы білім мен саналы тәрбиеленетін бөлмелері жеке дара. Жататын бөлмелері де қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ бүлдіршіндердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақша бөлмелері ойын алаңшалары, жатын бөлмелер, дәліздер бейнекамерамен жабдықталған.
Айта кетейік, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қалада 3-6 жастағы балаларды қамту деңгейі 95,2 пайызға жетіп отыр. Мектепке дейінгі 503 мекемеде 76 339 бала тәрбиеленуде.

 

Пікір жазу