Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҰҢҒЫШ САЙЫС ТАРТЫСҚА ТОЛЫ БОЛДЫ

ТҰҢҒЫШ САЙЫС ТАРТЫСҚА ТОЛЫ БОЛДЫ

Шымкент қаласында киберспортттың FIFA 19 түрінен БАҚ өкілдері арасында жарыс өткізілді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауындағы “Цифрлық Қазақстан” жобасының аясында дамып жатқан бұл спорт түрі журналистер үшін – үлкен қадам. Себебі киберспорт әлемде жүйелікке ие болып, қарқынды дамып келе жатыр. Жарыста жеңілгендер тек қана оған қатыспағандар болды. Өте тартысты өткен жарыста соңғы турға дейін жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Бір мұңайтарлығы жанкүйерлер аз болды. Дегенмен, әріптестеріміз мықтылық танытты. Қаламызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарыста жас әріптестеріміз белсенділік танытты. Ұйымдастыру жағы қатысушылардың көңілінен шығып, жарыс сәтті аяқталды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенім білдіреміз. Сайыс қорытындысы бойынша:
1. Азат Дидарбек (didarbek.kz ақпараттық агенттігі) – 16 ұпай,
2. Бауыржан Ерман (ernur.kz ақпараттық агенттігі) – 15 ұпай,
3. Руслан Сембиев (ernur.kz ақпараттық агенттігі) – 10 ұпай жинап, үздік үш орынды иеленді.

(Ә.Ә.)

 

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу