Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Таңғы сұхбат улы газ аясында болды

Таңғы сұхбат улы газ аясында болды

«Отырар» телеарнасының тағңғы бағдарламасында жылыту маусымының өзекті мәселелері талқыланды. Бағдарламаға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Есенгелдіұлы Жақсибаев шақырылды.

Тұншықтырғыш газбен уланудың негізгі себептері-қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Тұрғын үйлерді рейдтік аралап шығу кезінде пештер дайын емес, түтін мұржалары тазартылмаған, жарықтар бар, өрт алдындағы парақтар жоқ фактілер жиі кездеседі. Осының барлығы өрттің немесе улы газбен уланудың себебі болуы мүмкін. Бұл туралы полковник М. Жақсыбаев тележүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып айтты. Таңертеңгілік бағдарламада жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарының статистикалық мәліметтері айтылды. Тек 28-31 қазан аралығында ТЖ қызметкерлері 20 мыңнан астам үйді аралап, түсіндіру жұмыстарымен қаланың 70 000-нан астам тұрғыны қамтылды. Телекөрермендерге сондай-ақ әлеуметтік қорғалмаған отбасылардағы үйлерде түтін жолдарын тазалау және газ дыбыс берушілерін орнату бойынша қайырымдылық акциясы туралы айтылды.

Бағдарламаны қорытындылай келе, Мадияр Есенгелдіұлы телекөрермендерге өрт қауіпсіздігі шаралары туралы тағы да еске салып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға, олардың өз қауіпсіздігіне жауапты екенін әрқашан есте сақтауға шақырды.

Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу