Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАТЫЛ ПОЛИЦЕЙ

БАТЫЛ ПОЛИЦЕЙ

Көршісін өрттен құтқарамын деп жүріп, жарылыстың ішінде қалып кеткен шымкенттік полицей Нұрлан Тасболатовтың әрекеті батылдықтың үлгісі, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Ержүрек полицей жанкештілікпен бір отбасыны өрттен аман алып шықты. Тағы бір көршісін ажалдан арашалап қалды. Осы ерлігі үшін ол ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. «Қазіргі заман қаһарманы» медалін кеудеге тақты.

Апат былтыр шілдеде болды. Ащы айқайды естіп көршісіне қарай жүгірген Нұрлан алаулаған жалынға қарамай үйдің ішіне қойып кетеді. Балалар мен анасын оттың ішінен аман алып шығып, өршіген өртті өшіруге   ұмытылады. Аласапыран  мезетте көмекке келген көршісі де  тілсіз жаудың тұзағында қалып қойған. Есінен танып жатқан азаматты көтеріп, таза ауаға шығарды. Ендігі қауіп іштегі газ балондарда еді. Жарылса сұмдық болғалы тұр. НҰРЛАН ТАСБОЛАТОВ ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҒЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Кірдім де газ баллонды алып шықтым. Екіншісін іздеп жатқанда газ баллон жарылып кетті. Есімді жисам қара түтін. Басым, шашым жанып жатыр екен. Футболкамды шешіп, өшіріп алдым басымды.

Өртті ауыздықтаймын деп жүріп Нұрланның өзі өлім аузынан қалды. Екі қолын тұтас күйдіріп алған ол ауруханада екі ай емделді.

НҰРЛАН ТАСБОЛАТОВ ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҒЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Ол жерде ой ойламайсың ғой. Отты бірден өшіру керек болды. Ойланатын уақыт болмады. Ең бастысы үйді аман алып қалу болды.

Полиция капитаны Нұрлан Тасболатов ішкі істер  саласында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Жоғары білімді заңгер. Бокстан спорт шебері. Жылдам қимылдайтын жасақ құрамында талай маңызды тапсырмаларды мүлтіксіз орындап келеді.

МҰРАТ ӘДІЛОВ ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҒЫ ШТАБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бокстан мықты және қол күресі. Разряды бар. Қызмет бабында өте тәрбиелі, жұмысқа уқатылы келеді. Өз қызметіне шын берілген. Көрсеткен ерлігі бойынша да, жұмыс бабында да мақтаныш етеміз.

Адами қасиет пен ізгі жүрек адамды батылдық пен жанқиярлық іс жасауға бастайды. Біз әрдайым  жеріміздің мызғымас тұтастығы,  ел ел іргесінің тыныштығы жолында қырағы қызметімізді мүлтіксіз жалғастыратын боламыз дейді Нұрлан мен оның қызметтестері.

 

Пікір жазу