Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЧЕМПИОНАТЫ

ШЫМКЕНТ: ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЧЕМПИОНАТЫ

Шымкенттегі жоғары спорт шеберлігі мектебінің кешенінде волейболдан 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды.Тартыспен басталған бәсекелерге республикамыздың бар облысынан 400 тарта жас спортшы қатысып өнер көрсетуде.

Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Әбдірәшиттің  материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Волейбол спорты балалар ойындары арасындағы бірінші спорт түрі екендігі белгілі. Мектеп қабырғасындағы барлық оқушы меңгере алатын, және жас талғамайтын зиялы спорт түрі болып табылады. Бүгінде қоян-қолтық ұрыссыз өтетін ерекше спорт түрімен айналысушы жастардық қатары көп. Мегаполис қалада бес бірдей спорт мектебі волейболды дамытып отыр.Бұл мектептердің нәтижелері қаншалықты лайықты екендігі немесе жас волейболшылардың шеберлігі осындай жарыстарда айқындалады. Жарысқа екі топтан 32 команда, 400 жуық спортшылар қатысуда. Чемпионатты ұйымдастыруға атсалысқан республикалық волейбол федерациясымен республикалық спорт комитеті. Бас төреші Ұлттық жоғары дәрежедегі төреші Сани Берденовтің жеребесі негізінде,спортшылар төрт бірдей спорт кешендерінде топтық ойындарын өткізеді.

Алғашқы іріктеу сайыстарының қорытындысында Алматы қалалсының волейболшылары суырылып алға шықты. Шымкент қаласының ізбасарлары кездесулерін сәтті бастады. 3-қараша күні финалдық бәсекелер өтетін болады.Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

 

Пікір жазу