Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ЭКСПЕДИЦИЯ ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: ЭКСПЕДИЦИЯ ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорының бастамасымен «Шымкент – Мәдени астана» деп аталатын экспедиция қала аумағындағы киелі орындар мен тарихи, сәулет ескерткіштерді аралады.

2020 жыл – Шымкент қаласы ТМД елдерінің Мәдени астанасы болады. Аталған экспедиция –келер жылы қалаға келетін қонақтардың назарына қандай тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерді және көрікті жерлерді тамашалауға ұсыну мүмкіндіктеріне сараптама жасауды мақсат еткен.

Экспедиция құрамында тарихшылар, музей қызметкерлері, журналистер, өлкетанушылар бар. Олар Шымкент қаласының тарихын, мәдени орындарын насихаттаумен бірге, туристік маршруттар мен келушілер назарына ұсынылатын гидтік ақпараттарды бір жүйелі етуді көздейді

Сапардың бағыты нысандардың географиялық орналасуына қарай тарауларға бөлініп, тақырыптық «Көне Сайрам» және «Шырайлы Шымқала» бөлімдерден құралған, жалпы 11 нысанды қамтыды.

«Көне Сайрам» деген атаумен бірінші бөлімде экспедиция мүшелері сансыз бабтар мекенінде орналасқан, ХІ ғасыр мен ХІХ ғасыр аралығындағы тарихи және сәулет ескерткіштері: Мәртөбе кешені, Ибраһим ата, Әбдел-Әзіз баб, Мірәлі баб, Қарашаш ана, Салих Қожа кесенелері, Қызыр мұнарасында болды. Екінші «Шырайлы Шымқала» бөлімінде Шымкент қаласының б.з.д. І-IV ғасырдан бастап, ХІХ ғасыр мен қуғын-сүргін жылдары, Кеңес дәуірі және Тәуелсіздік жылдары аралығында негізі қаланған: «Қасірет» мемориалы, Жәми мешіті, «Цитадель» кешеніне зерттеу жасап, сапар соңын «Тәуелсіздік» саябағында қорытындылады.

 

Фото Азат Дидарбек

Пікір жазу