Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ҚЫСҚА ДАЙЫН

ШЫМКЕНТ ҚЫСҚА ДАЙЫН

Үшінші мегаполистегі жол-пайдалану техникасының қыстағы төтенше жағдайларға дайындығы, арнайы техниканың техникалық жай-күйі және құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық деңгейі қандай? Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерғали Бахаев және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев баяндады, , деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Н.Бектаевтің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

– Алдағы қыс маусымында төтенше жағдайларға байланысты ТЖД 49 техника және жеке құрамнан 297 адам дайындыққа келтірілді. Оның ішінде «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінен 30 техника және 200 маман, жедел-құтқару жасағынан 17 техника және 90 адам, медицина апаттары орталығының филиалынан 2 техника және 7 адам бар, — деді Ерғали Бахаев.

Ал республикалық маңызды жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде жедел медициналық көмек көрсететін 3 жол медициналық-құтқару пункті бар. Ал қалалық полиция департаменті ауа райы нашарлаған жағдайда Шымкент-Алматы, Шымкент-Ташкент және Шымкент-Қызылорда секілді 3 бағытта жол қозғалысын тоқтата алады.

Қала көшелерін қардан тазалау және құм себу жұмыстарына 4 мердігер мекеме — «ЛТД Тұрмыс», «Байтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NURTAU servis» ЖШС жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға жалпы саны 151 техника мен 1181 жеке құрам дайындыққа келтірілген.

Пікір жазу