«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» аптасы аясында аудан аумағындағы аялдамаларды ретке келтірілу және жол бойын тазалау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құркелес ауылдық округі аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15 автожолы, облыстық маңызы бар КХ-51 автожолының бойындағы шөптерді ору, ағаш түптерін әктеу және аумақтарды қоқыстан тазарту, тазалау жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, аялдамаларға сырлау,реттеу және тазалау жұмыстары жүргізілді
Жалпы экоакцияға 60-ға жуық адам ат салысып, белсенділік танытты.
Тазалық шарасының басты мақсаты – ауыл көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.
© Didarbek.kz