Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БИЫЛ ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ІШКІ КӨШЕЛЕРІНЕ 100 ПАЙЫЗ АСФАЛЬТ ЖОЛ САЛЫНЫП, КӨШЕ ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

БИЫЛ ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ІШКІ КӨШЕЛЕРІНЕ 100 ПАЙЫЗ АСФАЛЬТ ЖОЛ САЛЫНЫП, КӨШЕ ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Биылғы жылы Жуантөбе ауылында жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би, Қ. Омарұлы мен Ә. Жақсыбайұлы көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, тұрғындар сұранысына орай Қожақ Омарұлы көшесіне көше жарықшамдары орнатылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде ауылдың негізгі көшелеріндегі топырақ және тас жол мәселесі шешіліп, ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылып, жарықшамдар орнатылады.
Қазіргі таңда ауыл көлемінде 9,4 шақырымды құрайтын негізгі ішкі автомобиль жолдары бар.
Бұған қоса ауыл тазалығын ретке келтіру мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонның құрылысы жүруде. Ауыл жастары спортпен тұрақты түрде шұғылданып, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ауылындағы ойын алаңшасы күрделі жөндеуден өтіп, заманауи үлгідегі жабық футбол алаңын салу үшін жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Сондай-ақ осы жылы мал дәрілейтін станок пен тоғыту алаңы салынады. Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округінің тұрғындарымен өткен есептік жиында мәлімдеді.
Возможно, это изображение 10 человек и помост
Сонымен қатар, ауылдық округте ел игілігіне бағытталған жұмыстар мұнымен шектелмейтінін айтып, тазалыққа қатысты шараларға тоқталып өтті. Ауыл қариялары атқарылған жұмыстарға алғыс айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Көтерілген сауалдар жөнінде сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктеді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу