Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСЫЛ АЙМАҚТАР АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСЫЛ АЙМАҚТАР АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны бес аптаға созылады және оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналады.
Мұның баршасы “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде азаматтарды отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар.
«Жасыл аймақ» апталығына орай Қазығұрт ауданында бүгін саябақтарды қоқыстан тазарту, облыстық маңызы бар көшелердің бойында шөп ору және арнайы жасыл аймақтардағы ағаштарды суғару жұмыстары жүргізілді.
Возможно, это изображение 4 человека и трава
Апталық барысында атқарылған істерге «Жарық жол» мекемесі қызметкерлері мен қоғамдық жұмысшылар белсене қатысты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу