Арыс қаласының даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қаламыздағы тұрғын аудандардың ішкі орам көшелеріне асфальт жол салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда, қала әкімінің тұрғындармен кездесулерде көтерілген мәселер іс-шаралар жоспарына еніп, сәуір айының басынан бері бірқатар тұрғын аудандарда жол салу басталып кетті.
Атап айтқанда, «ШПЗ», Саяжай, Оңтүстік, Арыс-2 тұрғын аудандарындағы 6 ішкі көшелерге тегістеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жолдар салынып жатыр.
Бұдан бөлек, Арыс-Шардара тасжолын жалғайтын М.Мақатаев көшесін жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жақын уақытта жолды күреу, тегістеу қалпына келтіру жұмыстары басталып, жол төселетін болады.
Айта кетейік, биыл жергілікті бюджет есебінен қала көлемінде 9 көшеге асфальт төсеу және 25 шақырым жолға тас төсеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында үш елді мекенде орналасқан 13 көшеге жол салу көзделуде.
© Didarbek.kz