Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында азаматтардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жолақыны тегін ету мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары қала басшысының бұл шешіміне қолдау білдірді. Жергілікті халықты әсіресе, оқушылардың тегін қатынайтыны қуантып отыр. 1 мамырдан бастап енгізілетін мүмкіндік қолдауды қажет ететін бірқатар санаттарды да қамтыды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылар көлігінің сапасы да қала әкімінің жіті бақылауында. Мәслихат отырысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ тұрғындарды баспанамен қамту шаралары, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, құрылыс салаларында атқарылған жұмыстар қаралып, тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.
© Didarbek.kz