Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНІҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНІҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Облыстық Үйлестіру кеңесінің отырысында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Жібек жолы» кеден бекетінің маңында құқық қорғау мекеме басшыларының қатысуымен кездесу жиыны өтті, деп жазады Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Жиын барысында аудан басшысы бірқатар мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта кеден бекеттерінің аумағындағы қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болу қажеттігін ескертті. Сарыағаш ауданы көрші Өзбекстан Республикасымен шекаралас аймақта орналасқандықтан шекара бойында «Қазығұрт», «Жібек жолы» және «Қабланбек» кеден бекеттері жұмыс жасауда.

Бүгінде кеден бекеттері арқылы жылына 11-14 миллион адам, 73-109 мың жеңіл автокөлік және 73-102 мың жүк автокөліктері екі ел арасында қатынайды. Кеден бекеттері еліміздің оңтүстік қақпасы саналатындықтан, ол аумақтағы көрініс еліміздің имиджіне тікелей әсер ететіндігі айдан анық. Осы орайда облыстық Үйлестіру кеңесінің мәжілісінде берілген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша 2019 жылға іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан әкімінің жетекшілігімен жұмысшы топ құрылған болатын.


Кеден бекеттері аумағында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында 30 рейдтік іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде заңсыз ақша айырбастаушылар, көлік сақтандырушылар тарапынан қойылған және қоғамдық тамақтану орнына арналған 34 заңсыз қойылған дүңгіршектер алынды және ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес 28 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде 13 азаматқа ретсіз сауда жасағаны үшін айыппұл салынды.
Сонымен қатар, заңсыз жолаушылар тасымалын жою мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ тарапынан 14 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, жалпы 215 автөкөлікке айыппұл салынып, 3 автокөлік ақылы айып тұраққа қойылған.
Екі ел арасындағы экономикалық әріптестік қарым-қатынас күн санап нығайып келеді.

 

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*