Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШАРДАРА: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

ШАРДАРА: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында өткен жеке қабылдауында болған тұрғындар тарапынан қозғалған жергілікті мәселерді өз көзімен көріп, елді мекендерді аралап шықты.

Атап айтқанда, Аманжолов көшесіне орта жөндеу, Шәкәрім көшесіне тас төсеу, №4 шағын аудан тұрғындарын ауыз су жүйелеріне қосу, Түгелбаев тұйығына орта жөндеу және жарықтандыру, Қазыбек би, Сапарбаев көшелерінің қиылысындағы канализация жүйесін тазалау мәселесі және сол сияқты қала ішіндегі бірқатар көшелерді тексерді. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалау барысында әр барған шағын аудандағы жергілікті халықпен жолығып, іс жүзінде жасалынып жатқан жұмысқа қатысты пікірлерін сұрады.

Оған қоса тұрғындарға әрқашан осылай жиі-жиі қадағалау жүргізіп отыратындығын айтты.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен бір топ сала мамандары 2020 жылға жоспарланған жұмыстардың жағдайымен танысып, жүзеге асайын деп отырған ауқымды шаралардың бірі көгілдір отын құрылымын жүргізу жұмыстарының сапалы әрі уақтылы жасалынуын басты назарда ұстау керектігін жауапты мекеме басшыларына қатаң түрде ескертті.

Пікір жазу