Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕНТАУДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

КЕНТАУДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Кентау қаласы әкімдігінің кіші залында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев жергілікті тұрғындарды қабылдады, деп  жазады Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Кездесуге Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов, қала әкімінің орынбасары, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Қабылдауға қала және ауылдардан келген тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті мәселелер тыңдалды. Сонымен қатар жиында Кентау қаласында Ата-түрік көшесіндегі 43 –ші көп қабатты тұрғын үйді апатты деп тану, тұрғындарын тұрғын үй кезегіне қою, атаулы әлеуметтік көмек бойынша және де ауылдық оругтегі жайылым жер телімдерін рәсімдеу, ауыл тұрғындарының өтініштеріне сәйкес Кентау қаласына қарасты Шаға ауылдық округін басып өтетін Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде төрт түліктің салдарынан орын алатын жол апаттарын азайту мақсатында жол асты мал айдап өту өткелін салу секілді мәселелері қозғалды.

Кездесуде тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштерді басты назарға алған облыс әкімінің орынбасары аталған мәселелер заң аясында қаралып, шешілетіндігін жеткізді.

Пікір жазу