Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҚАМҚОРЛЫҚ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

«ҚАМҚОРЛЫҚ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» акциясы Отырар ауданында да қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Бүгін Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісов Қарақоңыр ауыл округіндегі аз қамтылған, көмекке мұқтаж жалғыз басты ана Г.Андамасова мен ІІІ топ мүгедегі Сәбит Ілиясовтің және Ескі Шілік ауылындағы ІІІ топ мүгедегі Нұржан Жантақбаевтың үйлеріне арнайы барып, тұрмыстық жағдайларын өз көздерімен көріп, аталған отбасыларға тұрмысқа қажетті азық — түліктер тапсырды.
Аралау барысында тұрғындардың үйлері күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталып, алдағы уақытта ескірген үйлерді жаңарту үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Азаматтардың талап — тілектері мен мұқтаждықтарын тыңдаған аудан басшысы еңбекке жарамды отбасы мүшелерін жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Өз кезегінде тұрғындар арнайы келіп, қал — жағдайын сұраған аудан әкімі мен қамқорлық көрсеткен азаматтарға шынайы алғыстарын айтты.

Пікір жазу