Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАСТЫ МІНДЕТ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАСТЫ МІНДЕТ

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Осы тұрғыда, аудан прокуроры Д.Тілемисовтың бастамасымен «Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау және алдын алу, аутодиструктивті мінез-құлықты анықтау және алдын алу іс-шараларын» өткізу мақсатында ауданда құрылған мобильді топ ауылдық округ мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізуде.
Топ құрамында Төлеби ауданының прокуроры Д.Тілемисов, Ленгір қалалық емханасының аға психологы З.Кульжанова, АББ әдіскері А.Даргамова бар.

Мобильді топ, оқушыларға болып жатқан келеңсіз жағдайларды мысалға ала отырып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, әлімжеттік, зорлық-зомбылыққа жол жоқ екенін, суицид, ерте жүктілік сияқты өзекті қоғам мәселесіне айналған іс-әрекеттердің алдын-алу шараларын түсіндіруде.
Психолог З.Құлажанова және АББ әдіскері А.Даргамова оқушылармен әңгімелесіп, қиын жағдайға тап болған кезде алғашқы қадам қандай болу керек екендігін атап өтті.

Пікір жазу