Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖЕТІСАЙДА ЖИҺАЗ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ЖЕТІСАЙДА ЖИҺАЗ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Соңғы жылдары еліміздегі халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып демографиямыз біршама өскені белгілі. Соған байланысты тұрғын үй, мектеп, құрылысы көптеп салынып жатқаны тағыда бар. Аталмыш әлеуметтік нысандарды жиһазсыз елестету мүмін емес.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қысқа мерзімді оқу курсын аяқтап тиісінше қайтарымсыз 200 АЕК көрсеткіш шеңберінде 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грантты жеңіп алған Байтохаева Айда қазіргі таңда жиһаз өңдейтін цех жұмысын дөңгелетіп келеді. Қазіргі таңда цех аумағында 5 азамат тұрақты түрде жұмыс жасайды. Мұнда кез-келген жиһазды тапсырыс берушінің талғамымен жасап береді екен. Тек өзіңізге ыңғайлы дизайнды айтсаңыз болғаны, қалғаны шеберлер өздері реттейді. «Жасаған жиһаздарымыздың сапасы мен беріктігіне кепілдік береміз, қосымша үйлеріне жеткізіп, құрастырып беру жағында қарастырғанбыз .

Біз үшін ең бастысы клиенттің көңілінен шығу. Күніге дамып жатқан қоғамда жиһаз өндірісі тенденцияларын қадағалауға, әрбір клиенттің талғамымен санасуға тырысамын. Сұраныс және ұсыныс арасындағы оңтайлы теңгерімді табуға тырысамын » дейді цех басшы Айда. Одан бөлек, аталмыш цех тозығы жеткен жиһаздарды жаңартыпта береді . Кәсіпкердің айтуы бойынша көбінесе білім ордаларынан тапсырыстар түседі дейді. Қажетті жиһаздарды жасау үшін шикізаттың барлығы отандық материалдарды пайдалантын цехқа қазіргі уақытта бірнеше балабақшаға жатын орындары мен ас үй жиһаздарын жасатқан. Тек қана аудан бойынша ғана емес, өзге де аудандардан тапсырыс алып, түрлі жиһаздар жасауды мақсат қылған кәсіпкер болашақта цех аумағын кеңейтуді жоспарлап жүр.

 

Пікір жазу