Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

ТӨЛЕБИ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Төлеби  аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы, аудан әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы қабылдауға алдын-ала жазылған азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Қабылдауда бірнеше мәселе қаралды.Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмектің биылғы жаңа форматы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 530000 теңгелік қайтарымсыз гранты, Келтемашат ауылдық округіне қарасты көшелерді газбен және көшелеріне тас төсеу мәселесі, Састөбе поселкесіндегі христинадар моласына арналған жер көлемін ұлғайту, «Қазақ соқырлар» қоғамдық ұйымындағы зағиптар ұжымын қажетті тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар көтерілді.

Қабылдау барысында өтініште көрсетілген мәселелерге жауапты мекеме басшыларына партия филиалының төрағасы тиісті тапсырмалар беріп, көмектесуге ықпал ететіндігін айтты.

Әр бір келіп түскен өтініштің оң шешімінің табылуына ықпалын етіп, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы алдағы уақытта да мемлекеттік мекемелер, бизнес-қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемелерімен бірлесіп азаматтардың мұқтаждықтарын шешуге дайын екендігін көрсетті.

Пікір жазу