Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Арыста əскери патриоттық клубтар арасындағы жарыс өз мәресіне жетті

Арыста əскери патриоттық клубтар арасындағы жарыс өз мәресіне жетті

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық мəдениет үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл, Кеңес əскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «ЖАС САРБАЗ -2020» Арыс қаласы орналасқан əскери патриоттық клубтар арасындағы жарыстың финалы болды, деп жазады Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


Финалға шыққан 5 команда: Ə.Жангельдин, В.Комарова. С.Қожанов, Жиделі жəне Макаренко орта мектерінің əскери патриоттық клубтары өзара сайыста күш сынасты. Жарыста қорытындысы бойынша 1.Командалық сəлемдесу, 2.Санитаркалар сайысы (қыздар), 3.Денесі жерден көтеру (ұлдар), 4.Жалпы қорғаныс киімін кию, 5. 16 кг кір тасын көтеру, 6.Арқан тарту сайысы бойынша жарыс жолында сайысты.


Қазылар алқасының шешімімен 3-орын В.Комарова жалпы орта мектебі , 2орын Жиделі жалпы орта мектебі, 1орын С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі жəне Бас жүлде Ə.Жангельдин орта мектебі иеленді.


Жарыстың басты- жастарды патриоттық сезімін арттыру, отансүйгіштік тəрбиелеу жəне Қарулы Күштеріміздің имиджін көтеру болып табылады.

Пікір жазу