Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕРЛІК ЕСКІРМЕЙДІ

ЕРЛІК ЕСКІРМЕЙДІ

Ерлік ескірмейді. Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ орта мектебінде жеңістің 75 жылдығына арналған шара ұйымдастырылды. «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды» деген тақырыпта өткен жиында соғыс ардагері марқұм Боранбай Смайыловтың ерлігі дәріптелді, деп жазады деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Боранбай батыр қан майданға Алматы қалдасынан аттанады. 1941 100 атқыштар бригадасының жауынгері соғыс алаңында ерен ерлігімен көзе түсті. Соғыс басталғаннан, соңына дейін қатысты. Сөйтіп, отан үшін омырауын оққа тосқан қария үшінші және екінші дәрежелі Даңқ ордені, екі рет ерлігі үшін медалдарммен марапатталған.

Иса Телікбаев – соғыс ардагері: Қазығұрттан үш мыңнан астам азамат  майданға аттанды. Соның 200 ден астамы Шарбұлақтан. Жиынға қатысушылар ерлікпен қаза тапқан азаматтарды еске алып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Марқұмдардың аруағына құран бағышталды. Ал, жасы тоқсанның сегізін алқымдаған ақсақал Иса Телікбаев сұрапыл соғыста көрген қиындықтарын айтып берді.

«Орнында бар, оңалар» деген. Боранбай батырдың баласы Құралбай Самайылов Ржев қаласына барып, атасының майданда болған жерін аралып көріпті. Қаһарман қалада орыс мектебінің аты Боранбай Смайыловтың атымен аталады. Ржев қаласы маңындағы  «Молодой Труд» мұражайында жауынгердің ерлігі жайлы деректер сақталыпты.

Құралбай Смайылов – Б. Смайыловтың ұлы: Шараның жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор. Жиынға қатысқан мектеп оқушыларымұз жастанып, от оранған ортадан  қайта оралған   ардагерлерге құрмет көрсетті.

Сара Қуат – оқушы: Соғыс даласынан аман сау оралған Боранбай ақсақал Ленин колқозында шаруашылықпен айналысты.  1968 жылы озық қызметі үшін Мәскеуде өткен Халық шаруашылығы жетістіктер көрмесіне қатысты. Жеткен жетістігі үшін қола медельмен марапатталды. Жиын соңы мектеп оқушылары дайындағын коцерттік бағдарламаға ұласты.

 

Пікір жазу