Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » НАҒЫЗ АЗАМАТТАР!

НАҒЫЗ АЗАМАТТАР!

Апта бұрын Түркістан қаласындағы тұрғын үйдің бірі тілсіз жаудан өртке оранғанын және дер кезінде төтенше жағдайлар қызметкерлері ауыздықтағаны жөнінде БАҚ құралдарында жазылған болатын.

Осындай өрттің арасында қалған отбасының қызы мен екі немересін аман алып қалған Ғазиз Серікбайұлын шаһар басшысы Рашид Аюпов қабылдауына шақырып, алғыс хат тапсырды.

«Сізді «Бүгінгі күннің батыры» деп атаудың жөн екенін көріп отырмын. Өрт — тілсіз жау. Осындай беймезгіл уақытта орын алған, бір отбасына төнген қауіпті жағдайда кішкентай балаларға алаңдаушылық танытып, өмірін сақтап қалғаныңыз — нағыз қаһармандық! Жанашыр көрші екендігіңізді көрсетіп, отбасындағы балаларды өрттен аман алып қалған Сіздің бұл ісіңіз мақтауға тұрарлық! Сіздей ерік-жігерлі, қайратты, өр намысты жерлестеріміздің барына қуаныштымын!» дей келе, жеңісті де жемісті күндер тіледі.



Айта кетейік, бұл отбасындағы жағдайға жергілікті билік пен «Asar» еріктілер ұйымы көмек көрсетеді. Қабырғасы қаланған жаздық үйінің іргесін қалауға қажетті жабдықтар әперу жіті назарда.

Пікір жазу