Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫСТА АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

АРЫСТА АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 7 ақпандағы № 260 жарлығына сәйкес, Арыс қаласы әкімідігінің мәжіліс залында қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлының қатысуымен еліміздің демографиясының көтерілуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар табысталды.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жалпы 7 анаға «Алтын алқа» 26 анаға «Күміс алқа» төс белгісі мен куәліктерін табыс еткен шаһар басшысы: «Өмірдің мейірім бастауы, жер бетіндегі бар жақсылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен тарайды. Дені сау ұрпақты дүниеге әкелетін, еліміздің болашақ патриоттарын тәрбиелейтін сіздер, аналар аман болыңыздар. Бала-шағаларыңыз аман болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін»-деді. Шара соңы естелік суретке түсу рәсімімен нәтижеленді.


Шаңырақтың шаттығы мен берекесін еселеген ардақты аналардың қоғамдағы орны ерек. Олар азат елдің айбынды ұрпағын тәрбиелеуде. Еңбегі ескерілгендер төсбелгі алып, құрметке бөленген аналар ризашылықтарын білдірді.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*