Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » “ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ!” ҰРАНЫМЕН СПОРТТЫҢ 9 ТҮРІНЕН АУДАНДЫҚ ЖАРЫСТАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

“ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ!” ҰРАНЫМЕН СПОРТТЫҢ 9 ТҮРІНЕН АУДАНДЫҚ ЖАРЫСТАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жуырда Шардара қаласында, Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толуына арналған «Ерлікке тағзым!» атты ұранымен Шардара аудандық жекпе-жек және күш спорт түрлері спорт клубының жасөспірімдер арасында армрестлинг, гір көтеру спорты және дзю до, ауыр атлетика, грэпплинг, самбо, бокс, таэквон до ITF және каратэ спорт түрлерінен ашық біріншілігі өтті.

Жарыстың ашылу салтанаты барысында алғашқы сөз кезегін алған Шардара аудандық жекпе-жек және күш спорт түрлері спорт клубының директоры Тұрманов Бақдаулет Әмірбекұлы, спортшы жастарға сәттілік тілеп, жарыстың жарақатсыз өтуін тіледі.

Келесі сөз кезегін алған ауған соғысы ардагері, Шардара аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Джумалиев Мырзахан Амирханұлы бейбіт заманның батырлары, жас спортшыларға тек жеңіс тұғырынан көрініп жүрулерін тіледі. Сөз соңында Мектеп Директоры Бақдаулет Әмірбекұлы, Ауған соғысы ардгерлерін Шардара ауданы әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттап, құрмет көрсетті.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларға кубок, грамота, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу