Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Банк » БАНКТЕР МЕН ЛОМБАРДТАР ҚАЛАЙ АЛДАЙДЫ?

БАНКТЕР МЕН ЛОМБАРДТАР ҚАЛАЙ АЛДАЙДЫ?

Елдегі төтенше жағдай бәрімізді шеттерімізден әбіржітіп жіберді – үйреншікті өмір салты бұзылып, үйде отыруға мәжбүр болып, табысымыздан айырылып, ертеңгі күнімізге деген үміттеріміз сөніп бара жатыр. Десек те, біздің бұл күйге түскенімізді пайдаланып, онсыз да қиын күндерді бастан кешіріп отырған біздің үстімізден пайда тауып отырған банктер мен ломбардтардың тірлігіне қалай қайран қалмайсыз! Мәселен, Еуразиялық банкті алайық…

Төленіп жатқан несиені үш айға – сәуір айынан шілде айына шегерді. Сөйтіп, шілде айындағы төлемді 166 мың 147 теңгеден күрт көтеріп жіберіп, 529 мың 851 теңге төленуі тиіс деп, айды аспанға бірақ шығарды! Ай сайын 166 147 теңгені төлеуге қиналып тұрған азамат, төтенше жағдай аяқтала сала 530 мың теңгеге жуық қаражатты қайдан алады? Екінші бір қызығы, 166 147 санын үшке көбейтсеңіз, 498 441 шығады. Яғни, осы жердің өзінде банк үш ай ішінде 30 мың теңгеден астам пайда көргісі келіп отыр.
Ол ол ма – ломбардтікі тіпті асып түсіп отыр. Бәріңіз білетін Сейф-ломбард карантинге байланысты сәуірдің 19-шы жұлдызынан бастап Шымкенттегі бөлімшесі өз жұмысын уақытша тоқтатады дей отырып, сол күннен үстеме мен айыппұлдар есептелмейді деп сендірді.

Ендеше, өз заттарын барып ломбардтан алып кетуге мүмкіндігі болмаған азаматтар не істеу керек? Дұрыс, бөлімшенің ашылатын күнін сабыр сақтап күтіп, тапсырған алтын бұйымдарын қайтарып алу керек. Бірақ, айыппұл төлейтіндей ол кінәлі емес қой!

Жоқ, ломбардтың бір күнге белгілеген үстеме ақысы – 341 теңге де, айыппұлы – 591 теңге болып отыр.
Мына жерде де тура сол жағдай:

Көріп отырғандарыңыздай, бір күнге белгілеген үстеме ақысы – 229 теңге де, айыппұлы – 397 теңге. Яғни, кеше барып алып кететін бұйымдарға қосымша қаражат төлеуге мәжбүр болу деген осы. Сонда карантин үш айға созылса, үш ай бойы ломбардты асырауымыз керек пе?..

Мына мысалымыз да, алдыңғы айтқандарымызды толық қуаттап отыр. Бір күннің үстеме ақысы – 199 теңге, айыппұлы – 345 теңге.
Естеріңізде болар, бізге ең жоғары мінберлерден: «Несиелеріңізді ешқандай артық төлемсіз шегере аласыздар!» деген еді. Бір қызығы, банктер сіздің өтініш бергеніңізді күтіп, соған сәйкес шешім шығаратын болса, ломбардтарға ешкім ешқандай өтініш те бермеген еді ғой! Бәрін өздері шешті, бәрін өздері істеді! Әрине, оларға карантин созылған сайын тиімді бола бермек…
Елді, халықты алдауды түбегейлі тоқтату керек сияқты…

© Әсет Әссанди,
Шымкент қаласы бойынша
Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі.

Пікір жазу