Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРЛЫҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР БЕТПЕРДЕ ТІГІП, ТЕГІН ТАРАТУДА

ОТЫРАРЛЫҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР БЕТПЕРДЕ ТІГІП, ТЕГІН ТАРАТУДА

Түркістан облысы Отырар аудандық «Іскер әйелдер» қауымдастығы мен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы бастамасымен қолға алынған челлендж жалғасын табуда. Ұйым мүшелері яғни, қолынан іс келетін қыз-келіншектер қиын сәтте халыққа қол ұшын беруде. Медициналық бетперде тігіп, халыққа тегін таратып жатыр, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz».

Аудандағы «Іскер әйелдер қауымдастығы қолға алған игі іске кәсіпкер келіншектер ерекше екпін берді.  Жаны жайсаң, қолы ашық азаматшалар Бйбайша Тоқпанбетова, Роза Қасымбекова, Гүлмира Әріпбекова және «Темір» мектебінің басышысы Алтынай Қасымбектің ізгілікті іс көпке үлгі болды.

Ал, сын сағатта елге қол ұшын созған қыз-келіншектер бетперде тіккендері үшін ақы сұрамайды. Бар ниеті — жаһан жұртын дүрліктірген қауіпті дерттің бетін қайтару. Бетперделерді олар үйлерінде отырып-ақ тігеді. Ең бастысы, ол тыныс алуға ыңғайлы болу керек. Негізінен медициналық маскаларға мақтадан жасалған маталар таңдалады.

Нұргүл Садық – Отырар ауданының тұрғыны: Қазір көп жерде медициналық бетперде табу қиын. Бағасы да шарықтап барады. Ел басына осындай қиын іс түскенде халықпен бірге болып, қолымнан келетін кәсібімді пайдалы іске жұмсауды, көпшілікке жәрдемдесуді мақсат еттім.

Дәріханаларда бетперде тапшы. Барының өзінің бағасы шарықтап кеткен, дейді нәзік жандылар. Әрі олар тіккен бетперде көпқолданбалы. Жуып, үтіктеп, бірнеше рет пайдалануға болады. Осылайша, қиын сәтте қайырымды іс жасауды жөн деп тапқан отырарлық кыз-келіншектер “#БІЗБІРГЕМІЗ# челленджіне үлес қосуды жалғастыра бермек.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу