Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЗЕКЕТКЕ 21 ҚОЙ ТАРАТТЫ

ЗЕКЕТКЕ 21 ҚОЙ ТАРАТТЫ

Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір жақсылықтың өтеуі Алладан. Шардара ауданында Нематіллә Абдуллаев деген азамат зекет есебінде тұрмысы төмен отбасыларға 21 қой таратып берді. Бұған дейін де қаладағы қайырымдылық шараларынан қалыс қалмайтын атымтай жомарт жанға ел разы, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

«Қолы ашықтың жолы ашық». Нематілла мырза аудан экономикасының түлеуіне тер төгіп жүрген кәсіпкерлердің көш басында.

Зекетке үлестірілген аша тұяғының әрқайсысы 30-35 келіден ет береді. Ел басына күн туған күрделі кезеңде әрі қасиетт і рамазан айында жақсылық жасауды әдетке айналдырған азамат әуелі он бала өсіріп отырған Қалдарбек Әшімхановтың шаңырағына барды.Дәл осындай көмек 6 баланың анасы, Гаухар Тұрлыбековаға да бұйырды. Күйеуі осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған. Жалғызбасты ана өзінің 7 баласымен қатар, мүгедектіккеұшырағанқайынатасыжәнеқайнысына да бір шаңырақтың астында бас-көз болып отыр.
Зекет беру – мұсылманның 5 парызының бірі. Иісі мұсылман үшін қасиетті саналатын осы айда адам баласы жақсылық жасап жарысады. Мұқтажға көрсеткен көмегі мен ұстаған оразасының сауабы тек Алладан.
Халықтың алғысына ие болған азамат ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жанның бірі. Кәсіпкер малшаруашылығымен қатар, диханшылық пен сауда-саттықтыңда көзін тапқан. Сәйкесінше, жұмыссыз жүрген ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу