Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙДА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

ЖЕТІСАЙДА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Жетісай ауданында төтенше жағдай кезінде азық-түлік тұрмыстық жиынтықпен 8635 адамның жеке есеп шоттарына жалпы 47 млн 642мың теңге аударылған, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Мұндай көмек халықтың жекелеген санаттарына ғана төленген. Мәселен көмекке ілінген 7900 адам 1,2,3 топ мүгедегі. Сәуір, мамыр, маусым айларына  Президент тапсырмасына сәйкес халықтың жекелеген санатындағы азаматтарға азық-түлік топтамаларын тарқату тапсырылған болатын. Соның бүгінде әр азаматқа шаққанда 5647 теңгеден жәрдемақы тағайындалып, жалпы сума 47млн 642 мың теңге жеке есеп шоттарға аударылған.
Әділхан Әбжанов, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:  «1,2,3 топтағы мүгедектер 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, сол мүгедек балалардың қараушыларына және 6-18 жас аралығындағы мектеп жасындағы балаларға сәуір айындағы қаражатын бердік 47 млн теңгены 8563 адамға . Ал енді мамыр маусым айларына азық-түлік топтамасы берілсін деген тапсырма болған. Конкурсқа тастап үлгермеуімізге байланысты мамыр, маусым айларына 9 түрлі затты заттай береміз бе деп жоспарлап мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізіп жатырмыз. Ол енді екі айға қосымша берілетін болады».
Жетісайлық жеті баланың анасы Фарида Ташанова жәрдемақы алғандардың бірі. Ел басына күн туған күрделі кезеңде өзі секілді көпбалалы аналарды қараусыз қалдырмағанына дән риза.
Фарида Ташанова — көпбалалы ана: «Осы әлеуметтік көмектер алып жатырмыз. Елбасына үлкен рақметімді білдіремін. Осы басшыларға, әлеуметтік көмекті беріп жатқандарға. Әлеуметтік пакеттерді де алып жатырмын балаларыма. Әр бала санына 5647 теңгеден онысында алып жатырмын. 7 бала-шағам бар құдайға шүкір».
Алдағы уақытта бұл қаражат азық-түлік ретінде үлестірілетін болады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу