Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: ИСА ТЕЛІКБАЙ

ҰОС АРДАГЕРІ: ИСА ТЕЛІКБАЙ

ҰОС Ардагері — Телікбай Иса Телікбайұлы!

Телікбайұлы Иса атамыз, 1922 жылы 25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жұма ауылында дүниеге келген. Әке — шешеден 7 — 8 жасында жетім қалып, Тұрбат ауылында ашылған жетім балаларды тәрбиелейтін үйде 1933 жылға дейін тәрбиеленді. 1942 жылдың мамырына дейін нағашыларының қолында тәрбиеленіп, Ұлы Отан соғысына өзі қатарлы жолдастарымен аттанды. Қайда кетіп, қайда бара жатқандарын білмейді. Бірнеше күндер өткен соң Ленинград майданына ешқандай дайындықсыз, Фин шығанағында бірінші рет соғысқа қатынасты. Ес-түсін білмей, сөйлей алмай контузия алып, дала госпиталында емделіп, одан болмаған соң Ленинград қаласының бір госпиталында емделді. Жағдай түзелген соң Ленинград майданы 22 — ші бекініс ауданы, 106 — пулеметші — артиллерия батальонына жіберілді. Кейбір реттерде бір топ қаруластарымен түнгі барлауға қатынасады. Көрсетілген соғыс нәтижелеріне байланысты бірінші рет ІІІ- дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.

Соғыс біткеннен кейін «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен және «Ұлы Отан соғысының ІІ- дәржелі» орденімен марапатталды.

1945 жылдың 20 қарашасында елге оралған. 1946 жылдың қаңтар айында Қаратас аудандық партия комитетінің нұскаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бюро мүшесінің кондидаты болып сайланды. Шақпақ колхозы басқармасының төрағасы болған.

1958 ж. маусым айында Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірді. Шаян аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде, 1960 — 1962 жылдары Шаян аудандық атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 1962 — 1964 жылдары Ленин ауданы «Комсомол» орта мектебінде директор, 1964 жылдың мамыр айынан 1967 — жылдың қаңтар айына дейін «Әлішер Науайы» атындағы ұжымшарда партия комитетінің хатшысы, 1967 жылдың қаңтар айынан 1983 жылдың қаңтар айына дейін Ленин аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің менгерушісі бюро мүшесі қызметін атқарған және үнемі аудандық кеңесінің депутаты болып сайланған.
Партия кеңес аппаратарында атқарған қызметтері жоғары бағаланып, Қазақ ҚСР жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен КСРО жоғарғы кеңесінің жарлығы бойынша «за трудавую доблесть», «за трудовое отличие» медальдарымен, облыстық кенестің грамотасымен екі рет марапатталған.

Партия, кеңес аппаратында 34 жыл қызмет істеп, зейнеткерлікке шықты.

Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. 2002 жылдан Қазығұрт ауданның төбе биі. СССР Жоғарғы кеңестің указымен 13 түрлі медальдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған.

Бүгінгі күнде 6 ұл- қыздан 17 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.

БІЗ БАТЫРМЕН МАҚТАНАМЫЗ!

#Qaharman

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу