Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰОС АРДАГЕРІ: АСАТОВ АРТЫҚ

ҰОС АРДАГЕРІ: АСАТОВ АРТЫҚ

Соғыстың соңғы солдаты сайрамдық Ұлы Отан соғысының ардагері  Асатов Артық — 1926 жылғы мамырдың 5-інде дүниеге келген, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Ақсукент ауылының тумасы.

Әскери шені: қатардағы жауынгер. Жауынгерлік жолы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық әскери комиссариатынан 1944 жылғы қазан айында әскерге шақырылып, 195-ші атқыштар полкінің құрамында майданға қатысқан. 1945 жылы Шығыс майданында Жапонияға қарсы ұрысқа қатысты. 1945-1950 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында Қиыр Шығыстағы Владивосток қаласында әскери қызметін атқарды.

«Жапонияға қарсы соғыста жеңіске жеткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарының, сондай-ақ тағы басқа да мерекелік медальдардың иегері.

Бүгінгі таңда Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының Шаймерденов көшесі, №26 үйде тұрады. 1 ұлынан 4 немере және 2 шөбере сүйген.

Әрбір қазақстандық үшін 9-мамыр Жеңіс күні ерекше мерекелердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл мерекеде талай жанның қаны, қаншама жанның жан жарасы жатыр. Қан майданда Отан үшін жанын оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.

#Qaharman#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ75ЖЫЛ

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу