Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚОРҒАНА БІЛ

ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚОРҒАНА БІЛ

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары мен қонақтары, Сіздерге Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін» сақтауларыңызды ескертеді!

Тілсіз жаудың басым көпшілігі тұрғын үйлерде орыналып жатыр. Отқа ұқыпсыз қарау, үлкендердің маскүйде темекі шегуі, балалардың отпен ойнауы, газ баллондардың ақауы, тұрмыстық электораспаптарының қараусыз қалуы, міне осының барлығы оттың шығуына себеп болып, арты қайғылы жағдайға әкеліп соғады.

Өрт – тілсіз жаудың бірі болып саналады. Сол себепті, өрт шығуы мүмкін деген жағдайларға әрдайым мұқият болған дұрыс. Кәмелетке жасы толмаған балаларды, жасы келген қарт азаматтарды үйде жалғыз қалдырмаған жөн.

-пештің жарылғаны болса сылап, есігінің тығыз жабылуын қадағалаңыз;

-мал азығын үйден аулақ жинаңыз;

-газ баллондарды, электораспаптарын үйден шығарда мықтап өшіріңіз;

-қолдан жасалған электораспаптарын пайдаланбаңыз;

-балалардың сіріңкемен ойнауына жол бермеңіз.

Осы қарапайым ережелерге мұқият мән беріп, өз өміріңізге ұқыптылықпен қараңыз!

© Арыс аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікір жазу